Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жепе-жегі туралы мәлімдеме жасады

2020 жылдың 13 қараша 2020 08:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақта WBO Global титулының иегері боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) әлем чемпионы титулы үшін болатын өзінің келесі жекпе-жегі туралы жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат боксшының желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингісінде 9-шы орында тұр. Осы ұйымның нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарлоны (31-0, 22 КО) батыл түрде айқасқа шақырды.

«WBC рейтингісінде нөмірі 6. Дайын бол , Чарло, 2021 жылы жұдырықтасатын боламыз», - деп жазды Әлімханұлы өзінің Twitter парақшасында.

Одан кейін ол «2021 жылы мен чемпион боламын!» - деді.

Еске салсақ, Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн әзірге белгісіз, алайда спортшы Лос-Анджелесте дайындық жаттықтыруға кірісіп кеткен.

Биылғы жылы 10 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңген болатын.




Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай