Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шығатын күнін айтты

2021 жылдың 14 қазан 2021 08:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas белдіктеріне ие Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6КО) 5 қарашада жекпе-жек өткізетінін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ⠀

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, Жәнібек биылғы 5 қарашада Лас-Вегаста тәжірибелі француз боксшысы Хассан Ндам Нжикамға (38-5, 21КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айқас алдында қазақстандық спортшы бокстағы өзінің бірегей стилі туралы тағы бір мәрте мәлімдеді.

«Мен басқалардан ерекшеленемін және оны бәрі біледі. Менде басқа мәнер бар. Қазақ мәнері — әлемдегі ең үздік мәнер. 5 қарашада мен оны көрсетемін», - деп жазды Жәнібек Twitter-де.⠀

Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегін биылғы маусым айында Лас-Вегаста да өткізген болатын. Онда ол WBA Regular нұсқасы бойынша орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Роб Брантты (26-3, 18КО) мерзімінен бұрын сегізінші раундта жеңген болатын.


Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Жоғары қарай