
Түркияда алдағы күндері COVID-19-ға қарсы вакцинациялау басталады
АНКАРА. Анадолы – ҚазАқпарат – Осы аптаның соңына қарай Түркияда коронавирусқа қарсы екпе салына бастайды. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған Министрлер кабинетінің отырысы бойынша өткен брифингіде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Сырым Итқұлов: Осы сайлаудың артықшылығы – өңірдің саяси үдерістердің белсенділігінің артуы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар нәтижелі өзгерісті қалайтынын таңдауы арқылы білдіріп, өздеріне тиесілі конституциялық құқықты жүзеге асыруға тиісті екенін ұқтырды. Медиаменеджер Сырым Итқұлов Telegram парақшасында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғам пен мемлекет төзімділік стресс тестінен өтті - Әділ Каукенов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Барлық партия осы сайлау барысында өңірлерде жұмыс істеу,да мол тәжірибе жинады, онлайн режімді меңгерді, ең бастысы - қоғам пен мемлекет төзімділік стресс тестінен өтті. Саясаттанушы Әділ Каукенов Facebook-тегі парақшасында осындай пікір білдірді.

Мәскеуде Қарабаққа қатысты Путин, Әлиев пен Пашинян үш жақты келіссөз өткізеді
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Дүйсенбі Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян үш жақты келіссөз өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Испанияда тоқтаусыз жауған қардың салдарынан елдегі көлік жүйесі толық тоқтады
МАДРИД. ҚазАқпарат - Испаниядағы тоқтаусыз жауған қалың қардың салдарынан үш адам қаза тапты, елдегі көлік жүйесі толық тоқтап қалды. Әуе және теміржол қатынасы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

2020 жыл үшін төленетін көлік салығы өспейді - Мемлекеттік кірістер комитеті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік салығын төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстырылғандықтан 2020 жыл үшін көлік салығы өспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай