Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жәнібек Қожық: Ұлттық кеңеске үлкен сенім артып отырмыз

2019 жылдың 17 шілде 2019 19:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне үлкен үміт артып отырмыз. Бұдай пікірді аталған кеңестің мүшесі Жәнібек Қожық мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – ол билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болады деп сенімдемін. Оған үлкен үміт артып отырмыз. Сол кеңестің ішіне кіргеннен кейін мемлекетке де, халыққа да тиімді маңызды мәселелерді, жобаларды ұсынып әрі талқылап, көптеген заңдардың шығуына, қажетті өзгерістердің болуына шамамыз келгенше атсалысамыз. Басталғалы жатқан ісіміз сәтті болады деген пікірдеміз», - деді Жәнібек Қожық Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысында мемлекетіміздің дамуына қатысты ауқымды мәселелер қаралатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды,

Айта кетейік, Ұлттық кеңеске кімдер кіргені белгілі болды.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер:
Жоғары қарай