Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жанжігіт Омархан Индустрия министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 15:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі журналист Жанжігіт Омархан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Жанжігіт Омархан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде БАҚ-пен жұмыс жөніндегі құрылымдарды басқарған болатын.

Жанжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Журналистика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. Сондай-ақ, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығ бойынша тәмамдаған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасында бастап, журналист-редактор және бағдарламалар жүргізушісі болып жұмыс істеді.

2011-2015 жылдар аралығында «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы мен «Еуразия - Бірінші арнасында» бағдарламалар мен ток-шоулар жүргізді.

2016 жылы – «Астана» телеарнасының «Өзекті» авторлық бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі.

2019 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы қызметiн атқарды.


Жоғары қарай