Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандарға қандай жаза қарастырылған

2022 жылдың 7 қаңтар 2022 02:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасы елде заңсыз ереуіл ұйымдастырып, бүлік шығарғандарға қандай жаза қарастырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Бас прокуратура елде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және оған қатысу, сондай-ақ террористік акті фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Осылайша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тексеру жүріп жатыр.

Ол үшін Президент тапсырмасымен ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылған. Топ құрамына ІІМ, ҰҚК және басқа да құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері енді. Олар арнайы прокурордың жетекшілігімен тергеу жүргізеді.

Қылмыстық кодекстің осы баптары бойынша 8 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру және азаматтығын алып қою жазасы қарастырылған.

«Бүгінгі таңда қылмыс айғақтарын жинау және фиксациялау жұмысы жүріп жатыр. Осыған байланысты азаматтарға өтініш, ұялы телефоныңыздың камерасына түсіріп алған құқық бұзу көріністерін өшірмеңіздер. Қылмысты ашуға көмектесетін қандай да бір мәлімет білетін болсаңыздар, 115 нөміріндегі колл-орталыққа хабарласуларыңызды сұраймыз» деп мәлім етті Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров.


Жоғары қарай