Ауа райы
Астана -27 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жарты миллионнан астам қазақстандық салық рақымшылығы аясында қарызын төледі

2020 жылдың 26 қараша 2020 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 қарашадағы жағдай бойынша 513 мың жеке тұлға салық рақымшылығы мүмкіндігін қолданды. Олар 6,9 млрд теңге көлеміндегі берешегін өтеді, ал 772,7 млн теңгеге жуық өсімпұл есептен шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Көлік салығының өсімпұлын төлеуден құтылғандардың саны көптігі жағынан Алматы қаласының тұрғындары алды. Олар 1,2 млрд теңге қарызын төледі, 117,8 млн теңге көлеміндегі өсімпұл есептен шығарылды.

Жер салығы бойынша 63,6 млн теңге қарызын төлеген Шымкент қаласының тұрғындары 7,2 млн теңге өсімпұл төлеуден босатылды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мүлік салығы бойынша өсімпұлды есептен шығару көрсеткішінде рейтингіні бастады. Олардың өсімпұл бойынша берешегі 10,3 млн теңге. Астаналықтар 59,3 млн теңге негізгі қарызын төлеген.

Естеріңізге сала кетейік, өсімпұлды есептен шығару акциясы басталған кезде 1,5 млн жеке тұлғаның жалпы 26,3 млрд теңге қарызы бар еді. Оның ішінде негізгі қарыз сомасы 21,8 млрд теңге, өсімпұлы - 4,5 млрд теңге.

Комитет жыл соңына дейін салықтың негізгі қарызын төлеген жағдайда өсімпұлдан босаты жөніндегі рақымшылық жасалатынын еске салады.

Салық рақымшылығыны өткізу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

«Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлесе жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссия құрылған», делінген хабарламада.

Салық берешегінің бар/жоқ екенін Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында, сондай-ақ eSalyq mobile мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.


Жоғары қарай