Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жарты жыл ішінде Қазақстанда 53 млн тонна көмір өндірілді

2020 жылдың 29 шілде 2020 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еліміздің көмір өндіруші компаниялары 53,0 млн тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9% - ға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Осылайша елдің ішкі нарығына 82 млн тонна, экспортқа 38 млн тонна көмір жеткізілетін болады. Сондай-ақ, Украина бағытында 80 мың тоннаға және ҚХР бағытында 50 мың тоннаға жеткізу көлемін ұлғайту мәселелері пысықталуда.

Бүгінде Министрлік әкімдіктердің деректері негізінде 2020-2021 жылдарға коммуналдық-тұрмыстық үшін және халыққа арналған көмір өнімдеріне қажеттілік жоспарын қалыптастырды. Осы жоспарға сәйкес тұтыну көлемі 10 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға-2,8 млн тонна, халыққа – 7,2 млн тонна.

Бұдан бөлек, көмір саласындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мақсатында салалық кәсіподақтар және ҚР көмір саласы ұйымдарының жұмыс берушілері арасында Салалық комиссия құрылды. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдарға арналған салалық үш жақты келісім әзірленуде.

Сонымен қатар, бүгінде 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының көмір саласын дамыту бойынша Жол картасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Аталған бағдарлама саланы қолдаудың жүйелі шараларын қабылдау және жаңа жобаларды енгізу жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

Ірі жобалардың бірі - «Богатырь» разрезіндегі көмір өндірудің циклді-толассыз технологиясы, ол кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 42 млн тоннадан 48 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа технология өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартады, көмірді темір жол вагондарына тиеудің салмақты дәлдігін қамтамасыз етеді және көмір тиейтін вагондардың айналым уақытын үш есеге қысқартады.

Айта кету керек, жобаның тиімділігін арттыру үшін шетелдік қаржы институттарының қаражатын тарту жоспарланған, осылайша жобаның халықаралық деңгейдегі маңыздылығы артады. Көмір өндірудің жаңа бірегей жабдықтары мен технологиялары енгізілуде, бұл инновациялық құрамдас бөлікті айқындайды, сондай-ақ тау жынысын қималардың ішіне орналастыру жоспарлануына байланысты көмір өндірудің қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтуды көздейді.


Басты сөздер: Энергетика, Қоғам,
Жоғары қарай