Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жас белсенділер әлеуметтік желілерде #ElbasymenBirge атты жаңа челлендж бастады

2020 жылдың 19 маусым 2020 22:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Jas Otan Жастар қанатының белсенділері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау үшін әлеуметтік желілерде #ElbasymenBirge атты жаңа челлендж бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда Jas Otan Жастар қанаты Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде #ElbasymenBirge хэштегімен акцияны бастап кетті. Осы хэштег арқылы жас белсенділердің әрбірі Елбасын қолдау сөздерін айтып, тезірек сауығып кетуін тілейді.

Айта кетерлігі бұған дейін Jas Otan Жастар қанатының басшысы Елнұр Бейсенбаев қазақстандық жастардың атынан Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сәлем жолдап, тезірек жазылуын тілеп, жастардың ықыласын білдірген еді.

Еске сала кетсек жақында «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша «Birgemiz» республикалық акциясына қатысқан ең белсенді волонтерлер марапатталған болатын.

Ел өңірлерінде жастар Елбасының атынан Алғыс хаттармен әлі де марапатталуда.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Алғыс хатын осыған дейін мыңға тарта қазақстандық алды.


Жоғары қарай