Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жастар арасындағы Азия чемпионаты: Бүгін қандай боксшылар рингке шығады

2021 жылдың 30 тамыз 2021 12:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дубайда өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде бүгін қазақстандық спортшылардың қатысуымен финалдық жекпе-жектер өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия біріншілігінен тікелей көрсетілім елорда уақытымен 16:00-де басталады.

Құрлықтық додада 2003-2004 жылдарда дүниеге келген жасөспірімдер мен қыздар сынға түседі. Ұлдар 10 салмақта бақ сынаса, қыздар 7 салмақта шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жектер төмендегіше:

Ұлдар

48 келі. Санжар Ташкенбай мен Вишнават Суреш (Үндістан)

54 келі. Нурсултан Алтынбек пен Алиасг Афшариаболкарлу (Иран)

57 келі. Әбдікәрім Әбдіғалым мен Мохаммед Анвар (Ирак)

60 келі. Ерасыл Ермек пен Омар Ливаса (Қырғызстан)

63,5 келі. Елнүр Сүйінбай мен Ваншадж (Үндістан)

67 келі. Абзал Серік пен Самандар Солижонов (Өзбекстан)

75 келі. Бақберген Әлиасқаров пен Фардин Халифелу (Иран)

86 келі. Темірлан Мұқатаев пен Диербек Уралов (Өзбекстан)

92 келі. Мәди Әміров пен Нусратбек Тохиров (Өзбекстан)

92 келіден жоғары. Даниял Сапарбай пен Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Қыздар

54 келі. Айшагүл Елеубаева мен Неха (Үндістан)

60 келі. Жұлдыз Шаяхметова мен Дахия Преети (Үндістан)

63 келі. Милана Аюпова мен Хиши (Үндістан)

70 келі. Гаухар Шайбекова (Казахстан) мен Азиза Зокирова (Өзбекстан)

75 келі. Дана Дидай мен Хиши (Үндістан)

81 келі. Аида Сарибарова мен Таниш Сандху (Үндістан)

81 келіден жоғары. Диана Магауияева мен Марьям Аль-Месмари (БАӘ).

Еске салсақ, 29 тамызда 2005-2006 жылдарда дүниеге келген жасөспірімдер арасында чемпиондар анықталды. Медальдар саны жөнінен ұлдар мен қызда да жалпы командалық есепте екінші орын алды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай