Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші төмен

2021 жылдың 28 тамыз 2021 15:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші төмен. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастардың жеке санаты өте маңызды. Бізге, елімізге сапалы жұмыс күші қалуы қажет. Егер жастарымыз елімізде өз орнын таппаса, онда олар басқа мемлекетке кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан әрбір түлек біз үшін өте маңызды. Жастарға арналған гранттар, жастар тәжірибесі, алғашқы жұмыс орны – мұның барлығы да жастарға арналған бағыттар. Өзекті бағыттар бойынша жастарға арналған курстар да солар үшін дайындалады.Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші басқа санаттарға қарағанда біршама төмен. Бүгінде ол 3,8 пайызды құрайды», - деді Ержан Біржанов.

Оның атап өтуінше, жастардың қажеттілігі кейде нарық мүмкіншілігінен де асып түседі.

«Біз нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Бүгінде жалақыны нарық реттейді. Егер адамның дағдысы әрі қабілеті болса, онда ол мамандығын табады, түйіндеме базасы өте үлкен. Қазіргі уақытта 120 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Бүгінде медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, әсіресе ағылшын тілінің репетиторларына сұраныс жоғары. Бастапқы білімі бар адамдар қайта оқуы қажет. Олардың мұнан арғы тағдыры және еңбек қызметі соған байланысты», - деді вице-министр.


Жоғары қарай