Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жастар ел тізгінін ұстауға дайындалуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

2021 жылдың 30 сәуір 2021 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жастардың мемлекет тізгінін қолына ұстауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз». «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай лебіз білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, жобаның барлық қатысушылары мен жеңімпаздары өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетті, кәсіби және қоғамдық салада маңызды жетістіктерге жетті. Сіздердің табыстарыңыз Қазақстанның жетістігін бейнелейді. Сіздер белсенді патриотизмнің үлгісі ретінде барлық қазақстандықтарды ынталандырасыздар. Сіздердің сөздеріңіз кез-келген статистикаға қарағанда нанымды. Сондай-ақ, бұл тамаша жоба сіздердің барлықтарыңызға одан әрі даму үшін елеулі серпін бергеніне, қоғам мен ел игілігі үшін жаңа идеяларды іске асыру үшін кең көкжиектер ашқанына сенімдімін», - деген Мемлекет басшысы Қазақстан үздік жастарының көптігімен мақтануға тиіс екенін атады.

«Қазақстанның болашағы сіздерге – прогрессивті, талантты, патриот жастарға тиесілі. Сіздер мемлекетіміздің тізгінін алуға дайындалуларыңыз керек. Біз болсақ, осы ойдың шындыққа айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай