Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жастар кәсіпкерлігін қолдау: Қарағанды облысы әкімінің грантына өтінімдер қабылдануда

2021 жылдың 12 қыркүйек 2021 09:21

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға бағытталған Қарағанды облысы әкімінің гранттар конкурсына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Өтінімдер 10 қазан сағат 18:00-ге дейін қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конкурсқа 18-28 жас аралығындағы Қарағанды облысының тұрғындары қатыса алады.

Қажетті құжаттар:

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- жобаның бизнес-жоспары;

- соңғы 36 айда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

- соңғы 36 айда бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті кәсіптік дағдылар мен құзыреттер бойынша оқытудан, біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжаттың (сертификат, диплом) көшірмесі;

- қатысушының әзірлемеге (өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге) құқығын растайтын құжатының көшірмесі (патент, куәлік);

- ағымдағы банктік шотта қаражаттың болуы туралы анықтама;

- бизнес-жоспар жобасында пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жеке меншікті растайтын құжаттардың көшірмесі не жалға алу шартының көшірмесі;

- соңғы 6 айдағы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме;

- оқуды растау туралы оқу орнынан анықтама;

- жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

- жеке кәсіпкердің ағымдағы банктік шотының болуы туралы анықтама;

- банкте несиелік берешектің бар (жоқ) екендігі туралы анықтама;

- жеке кәсіпкердің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.

Өтінім мен құжаттар akimgranty09@yandex.kz поштасына бір pdf файлы ретінде қабылданады.

Конкурс туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://t.me/akimgranty09 немесе 8-778-630-73-97, 8-771-365-99-13 және 8-701-122-24-63 (WhatsApp, Telegram) нөмірлері бойынша.


Жоғары қарай