Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Жастарға берілген жалдамалы пәтер қандай жағдайда мемлекетке қайтарылады

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 17:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Жастарға берілетін жалдамалы пәтерлер қандай жағдайда мемлекетке қайтарылады? Бұл сұраққа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ережеде бекітілгендей, жергілікті әкімшілік пен өтініш беруші жалдамалы үй бойынша 5 жылға келісімшартқа отырады. Келісімшарттың негізгі талаптары негізінен жұмыс істеу тәртібіне негізделген. Егер өтініш берушіні жұмыстан мәжбүрлі түрде емес, арнайы босаса, пәтерді қайта тапсыру керек болады. Сол секілді басқа қалаға көшу жағдайында пәтерді өткізу керек. Жыл сайын жергілікті атқарушы орган үйдің жайын тексеріп отырады. Сондай-ақ, жас азамат өзі жалдамалы пәтерді ала отырып, басқа біреуге оны жалға беретін болса немесе тиісті деңгейде сақтамаса – онда пәтер мемлекетке қайтарылады. Пәтер жалпыға ортақ талапқа сай келуі тиіс. Жалдамалы пәтерді берудің осындай нақты талаптары бар», - деді Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.





Еске сала кетсек, былтыр Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын мәлім еткен болатын. Ал былтыр күзде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сол тұстағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек (қазір - Премьер-министрдің орынбасары) Астана, Алматы, Шымкент жұмысшы жастарына 1 мың пәтер салу мамырда басталатынын хабарлаған еді.

Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасына қалай қатысуға болатынын бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтып берді.

Жалдамалы пәтер алғысы келетін жастар бағдарламаға қатысу үшін мына сілтемедегі құжаттарды жинауы тиіс.


Жоғары қарай