Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жасы 65-тен асқан депутаттар Мәжілістің отырысына қатыспайды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 10:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы жаңа форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ, алайда алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, жасы 65-тен асқан кейбір әріптестерімізге жалпы отырысқа қатыспауға және үйлерінде болуға кеңес бердік», - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Осы орайда ол жиналған депутаттардың саны жалпы отырысты мұндай форматта өткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Енді жалпы отырыстарға әрбір заң жобасы бойынша тек депутаттар мен негізгі баяндамашылар қатысады. Бұл өз кезегінде залда отырғандарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сай орналастыруға мүмкіндік берді», - деді Нұрлан Нығматулин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжіліс жұмысының басым бөлігі басқа жұмыс форматына көшеді.


Жоғары қарай