Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Жасыл Қазақстан» жобасы бойынша 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

2021 жылдың 25 қазан 2021 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық жоба «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат», «Экология болашағы» атты төрт негізгі бағыттан және 11 тапсырмадан тұрады. Олардың аясында 19 көрсеткіш пен 48 шараны атқару көзделген.

«Жобаны іске асыру халықтың нақты кірістерін арттыруға, ЖІӨ-ні 231 млрд теңгеге ұлғайтуға ықпал ететін болады. Ұлттық жобаны іске асырудың арқасында 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады», - деді Серікқали Брекешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, министр барлық бағыттар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мысалы, «Үнемді Қазақстан» бағыты аясында 401 арнаны қайта жаңарту және 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезінде су шығынын 4 текше километрге азайту жоспарлануда.

«Ұлттық жобада суармалы жерлерді 600 мың гектарға ұлғайту бойынша іс-шаралар көзделген, қосымша суару көздерін құру үшін 2025 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жинақтау көлемі 1,7 км3 болатын 9 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда», - деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, ұлттық жобаны жүзеге асыру көлдердегі судың сапасын жақсартуға, суаруға су беру кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, орманды еліміздің жалпы аумағын 5%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Жоғары қарай