Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Жауын, көктайғақ, тұман: Демалыс күндері ауа температурасы одан сайын төмендейді

2019 жылдың 18 қазан 2019 15:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК алдағы 19-21 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен тәуліктерде циклондар Батыс Сібір арқылы өткенімен, онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстандағы ауа райына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты алдағы демалыс күндері әлі де соған ұқсас синоптикалық жағдай күтіледі.

Республиканың басым облыстарында жауын-шашын жауады. Елдің солтүстік бөлігінің кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Солтүстік теңіз аймағынан келіп жатқан суық ауа массалары әрі қарай ауа температурасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан ауа температатурасы орташа көпжылдық температурадан 3…5°С төмен болады.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай