Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Жай ұран тастамай, нақты қадам жасауымыз керек – Тоқаев Ұлттық кеңестегі ұсыныстар жөнінде

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 13:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысын қорытындылаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құр ұрандатпай нақты жұмыс жасау қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін өте жақсы пікір алмасу, жалпы әңгіме орын алды. Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Жалпы, Ұлттық кеңес мүшелерінің интеллектуалдық деңгейі өте жоғары. Сондықтан бүгін өте тиімді, қызықты ұсыныстарды тыңдадық. Бұл ұсыныстарды жалпы мен қолдаймын. Келешекте амандық болса бәріміз бір ұжым болып іске асырамыз деп ойлаймын. Біздің ең құнды мақсат-міндет, ұғым – бұл еліміз, мемлекеттілік. Бәріміз Отанымызды сүйеміз. Бірақ, жай ұрандар тастамай, нақты қадамдарымызды жасауымыз керек», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес мүшелерінің пікірлерімен көбіне келісуге болатындығын айтты.

«Сондықтан оларды бір құжатқа жинап, сараптама жасап, тез арада іске асыруымыз керек. Келешекте басқа мүшелер осы залда амандық болса пікірлерін айтады деп ойлаймын. Жалпы айтқанда қазір бізге үлкен құжат, жоспар қажет. Әрбір салада жеке жоспар дайындауымыз керек. Алдымызда тұрған мақсаттар өте ауқымды, күрделі деп айтуға болады», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес мүшелеріне рахмет айтты.


Жоғары қарай