Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті

2021 жылдың 29 тамыз 2021 23:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаралы хабарды жазушының шәкірттері мен жанашыр інілері Facebook арқылы мәлім етті.

«Қош бол, классик! Біз сізді ұмытпаймыз», - деп жазды белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы.

Несіпбек Дәутайұлы 1947 жылы 30 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) өмірге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі.

Еңбек жолын 1972-1980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы ретінде бастады.

Кейін Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған.

Соңғы жылдары «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры болып жұмыс істеді.

Ғ.Мұстафиннің 100 жылдығына арналған әдеби бәйгенің, Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің жеңімпазы.

ҚР Тәуелсіздігі және Астананың 10 жылдығына арналған медальдармен марапатталған.

ҚР Ұлттық кітапханасы өткізген «Ең үздік роман» байқауында «Құдірет пен қасірет» романы жүлдеге ие болған.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Қазақ әдебиеті» газетінің проза жанры бойынша лауреаты.

Жазушының артында оқырманға мұра болып «Ақ көгершін», «Алма ағашының бұтағы», «Әнім сен едің» атты повестері, «Құдірет пен Қасірет» романы, «Көгілдір көйлекті келіншек», «Ойынды еті он бөлек», ІІ томдық таңдама шығармалар жинағы, «Аты жоқ әңгіме», «Кісі иесі» сияқты кітаптары қалды.

Көзі тірісінде бір топ шығармасы «Жол» деген атпен түрік тілінде жарық көрді.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Оқиға, Әдебиет,
Жоғары қарай