Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жедел жәрдем қызметтеріне Қазақстанда шығарылған автокөліктер беріледі

2020 жылдың 11 қыркүйек 2020 15:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустың жаңа толқынына дайындық жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Коронавирустың жаңа толқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Қазақстандағы медициналық мекемелер бір мезетте 70 мың төсек-орын дайындауға қауқарлы. Оның ішінде үш мыңға тарта жансақтау бөлімі болады. Қазіргі уақытта елімізде 19 066 инфекциялық төсек-орын бар, оның қазіргі жүтемесі 15 пайызды құрап отыр. Инфекциялық және провизорлық орталықтарда өкпені жасанды желдетуге арналған 3 379 аппарат бар, қосымша 2619 дана сатып алынуда», - деді Б. Қожахметов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша емдеуге арналған 21 566 орын оттегімен қамтылған және ай соңына дейін қосымша 9300 орынды қамтамасыз ету жоспарда бар.

«Сондай-ақ жыл соңына дейін жедел жәрдем қызметі Қазақстанда шығарылған 1 167 автокөлікпен жабдықталады. Шалғайдағы ауылдар үшін 100 медициналық кешен сатып алынады», - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 106 661-ге жетті. Оның ішінде жазылып шығу көрсеткіші 94,1 пайызды құрады немесе 100 409 адамға жетті.

Соңғы бір тәулікте Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ.


Жоғары қарай