Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеке деректерді қорғау: қай салада шағымдар жиі кездеседі

2021 жылдың 13 сәуір 2021 18:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов жеке мәліметтердің таралуына қатысты адамдардар келіп түскен шағымдарды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдар ашық түрде жеке мәліметтерін тарататын коммерциялық интернет-ресурстарға қатысты жиі шағымданады. Яғни адам ғаламтордағы іздеу желісінде өзінің аты-жөнін жазған кезде, осыған жауап ретінде сайттарға сілтемелер шығарылады. Бұл сілтемелердің ішінде азамат туралы ЖСН, даталар, туған жері, сот шешімі секілді деректер көрсетіледі. Осы орайда жалпыға ортақ ресурстарда артық деректерді жариялауға тосқауыл қою бойынша шараларды қабылдадық. Бұл тұрғыда мемлекеттік органдар мен жеке интернет-ресурстарға қатысты болып отыр», - деді Р. Әбдіқалықов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар азаматтар өздерінің жеке мәліметтерінің көпшілікке қолжетімді орындарда және мессенджер чаттарында таралуына қатысты наразылық білдіріп жатады.

«Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері, коммуналдық қызметтер үйдің кіреберісінде, чаттарда борышкерлер тізімін орналастырады. Көп жағдайда бұл тізімде тұрғынның толық аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірлері көрсетіледі. Бұл жағдайларда артық деректер таралатынын байқауға болады», - деді комитет басшысы.


Жоғары қарай