Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеке тұрғын үй құрылысына жер алу процедурасы автоматтандырылады

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 11:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу автоматтандырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке қою қызметін алсақ, қазір ол үшін азамат қағаз түрінде өтініш беруі қажет. Кезекте тұрғандар және алаңдары дайын жер учаскелері туралы ақпарат тоқсанына бір рет жаңартылады және ол ақпарат әр өңірде әртүрлі қолжетімді», - деді министр.

Сонымен қатар ол бірыңғай автоматты түрде жаңартылатын электронды кезек тізілімі жоқ екендігін баса айтты.

«Әрине, осындай процестер жемқорлық қауіптерін тудыруы мүмкін және заманауи кезеңге сай келмейді. Ол үшін қызмет көрсету процесін бірыңғай мемлекеттік кадастрмен электронды үкімет порталы арқылы автоматтандыруы және бірыңғай кезек тізілімін құруды ұсынамыз», - деді Бағдат Мусин.


Жоғары қарай