Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Жекелеген санаттар үшін қанша грант бөлінді – БҒМ

2019 жылдың 25 шілде 2019 20:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі абитуриенттердің жекелеген санаттарына қанша грант бөлінетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова білім беру гранттарын бөлуде жекелеген санаттар үшін арнайы гранттар бөлінетінін хабарлады.

«Квотаға құқығы бар абитуриенттер арасында ата-анасыз қалған 521 бала, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар 377 бала, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендердің балалары – 15 және ҚР азаматы болып саналмайтын қазақ ұлтының балалары – 872», - деді Ф. Жақыпова Білім беру гранттарын бөлу туралы ҚР БҒМ республикалық оырысында.

Ведомствоның хабарлауынша, көпбалалы отбасылардан шыққан адамдар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін қосымша 5 мың грант негізгі конкурстан кейін беріледі.

Бұған дейін хабарланғандай, 2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінді. Конкурсқа 64 452 талапкер қатысуда, оның ішінде 52 337 адам қазақ тілі бөліміне, 11 757 – орыс бөліміне, 87 – ағылшын тілінде білім алғысы келеді.

Жоғары қарай