Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

2021 жылдың 11 сәуір 2021 01:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 11 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпал етуіне байланысты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталынады.

Тек оңтүстікте, шығыста және орталықта фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты құбырмалы ауа райы болып, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, желдің шаңды дауылмен 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай, кей жерлерде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысында екпіні 25 м/с жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай