Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

2021 жылдың 25 шілде 2021 01:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 25 шілдеге арналған ауа райына болжамды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстікте, солтүстік-батыста жаңбыр жауады, найзағай болады. Еліміздің шығысында, оңтүстігінде және батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстікте жел күшейіп, шаңды дауыл болады, республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында бұршақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл күтіледі.

Таңертең және күндіз Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарында найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады. Алматы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, ал Павлодар, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай