Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жел, тұман, үсік: 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 2 қазан 2020 02:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 қазан, жұма күні ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жел күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел желдің жылдамдығы 5-20 м/с жетеді, түнде және таңертең Жамбыл облысында тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай