Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Желіде Виктор Цой әндерінің негізінде түсіріліп, қашықтықты сақтауға үндеген бейнеролик шықты

2020 жылдың 5 тамыз 2020 11:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Өзіңді күт, абай бол» бейнеролигінің авторлары маска тағу, әлеуметтік қашықтықты ұстану, жақынының денсаулығына қамқор болуға шақырды.

Олар аты аңызға айналған Виктор Цой әндерінің негізінде тұрғындарды сақтық шараларын қолдануға шақырып отыр. Әлеуметтік желіде ролик тез таралып, пайдаланушылар авторлардың бұл идеясын жақсы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдің масканы міндетті түрде тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау үндеуінен басталады. Одан кейін роликтен медициналық қызметкерлердің коронавируспен тікелей күрес жүргізіп отырған емханадағы кадрларды көруге болады.

Бұдан басқа, роликте жағдайды тұрақтандыруға үлесін қосып отырған еріктілер, полицейлер, санитарлардың жұмысы да көрсетілген.

Әнді орындаған - Петр Погодаев, мәтінін жазған – Дәуіт Шайхисламов, Мәлік Хасенов, Алексей Маклай және Санат Шапашов.

Осылайша, роликтің авторлары тұрғындарды өздері, жақындарына күтім жасап, маска тағуға, қашықтықты ұстануға және абай болуға шақырды.

Атлған видеоны түрлі пабликтер мен әлеуметтік желілерде 2 миллион адам көрген.


Автор: Арайлым Мұрат


Басты сөздер: Мәдениет, Өнер, Қоғам,
Жоғары қарай