Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Желтоқсан-қаңтарда қатаң карантин енгізілуі мүмкін бе – министр Цойдың жауабы

2020 жылдың 27 қараша 2020 16:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бұл сұрақ Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Апта сайын мәліметтерді зерттеп, алдағы кезеңдерге де болжам жасап жатырмыз. Қазір көріп отырғанымыздай, Қазақстанда карантин шараларын желтоқсан немесе қаңтар айларында енгізу мәселесі жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай алатынымызға байланысты болады. Қазір коронавирус өршіген кейбір өңірде жұқтыру деңгейі төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз. Шығыс Қазақстанда мәселен жағдай реттеліп, жұқтыру деңгейінің төмендеу тенденциясын бақылаудамыз», - деді Алексей Цой.

Министр әйтсе де, жұқтыру бойынша өсім болатынын мәлім етті.

«Ең бастысы – жағдайды бақылауда ұстау. Қазір инфекциялық ауруханалар 22 пайызға, жансақтау төсектері 17 пайызға жүктелген. Яғни, резерв бар. Сондықтан қазір уайымдаудың қажеті жоқ. Бәрі бақылауда», - деді ол.



Жоғары қарай