Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Желтоқсанда жаңа Экологиялық кодекс Парламентке енгізіледі

2019 жылдың 23 шілде 2019 13:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жаңа Экологиялық кодекс туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық стандарттарды ескере отырып, жаңа Экологиялық кодекстің жобасы әзірленді. Казіргі уақытта жоба жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен белсенді талқылаудың кезеңінен өтуде. Үздік халықаралық тәжірибе ескерілді», - деді Ж. Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, «Ластаушы төлейді» қағидаты бойынша жоғары ақшалай өтемақы өндіріп алуға негізделген қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілетін болады.

«Жаңа экокодексті Парламентке ағымдағы жылдың желтоқсан айында енгізу жоспарланып отыр», - деп нақтылады Үкімет басшысының орынбасары.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Экология,
Жоғары қарай