Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жемқорлық фактілерін әшкерелеген 9 қазақстандыққа 1,5 млн теңге берілді

2020 жылдың 10 қаңтар 2020 13:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жемқорлық фактілерін әшкерелеген 9 қазақстандыққа 1,5 млн теңге берілді.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған белсенді азаматтық ұстанымы бар ел тұрғындарын ынталандыру тәжірибесі де бар. Айталық, 2019 жылы Call-орталыққа түскен шағымдар бойынша сотта қаралған қылмыстық істер бойынша 9 азаматқа 126 250 теңгеден 176 750 теңгеге дейін, жалпы 1,5 млн теңгеге жуық сыйақы берілді», - деді ол.

Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің үстінен де шағым түсетіндігін айтады. Дегенмен, мұндай шағымдарды агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік қызметі тыңғылықты тексереді.

Департамент басшысының дерегінше, Call-орталыққа келіп түсетін шағымдардың басым бөлігі Түркістан облысына тиесілі. Бұл өңірден өткен жылы 148 шағым түскен. Одан кейін Алматы облысы (137) мен Алматы қаласынан да (112) шағым жиі түседі.


Жоғары қарай