Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Жемқорлық фактісі туралы тәулігіне 5-6 хабарлама келіп түседі – Олжас Бектенов

2019 жылдың 25 шілде 2019 17:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам өкілдерінің белсенділігі артып келеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам өкілдерінің белсендігі артып келе жатқанын атап өткен жөн. Агенттік ол үшін қажетті инфрақұрылымды жасап келеді. Біз аптасына жеті күн тәулік бойы ашықпыз. «1424» сall- орталығы арқылы еліміздің кез келген жерінен жемқорлық фактісі туралы хабарлауға мүмкіндік бар. Күн сайын нақты сыбайлас жемқорлық фактісі туралы 5-6 хабарлама келіп түседі. Барлық келіп түскен ақпаратқа шұғыл әрекет етеміз», - деді О. Бектенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордадағы балабақшаларда орындарды бөлу жүйесін жаңартудың мақсаттылығын зерттеп жатқанын мәлім болды.

Жоғары қарай