Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жемқорлық қылмыстар қай өңірлерде көп

2021 жылдың 13 желтоқсан 2021 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтар пара беруге мәжбүр болатындай жағдай әдейіге жасалады деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында елде 1,6 мың жемқорлық ісі тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда 33,5% аз. 2020 жылдың осы кезеңінде мұндай 2,4 мың (+5,5%) қылмыс тіркелген.

Өңірлер бойынша жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі Алматыда жасалған: 160 жағдай – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,6% төмен. Жемқорлық бойынша «көшбасшылар» үштігіне Нұр-Сұлтан (145 жағдай, минус 28,2%) және Шымкент (128 жағдай, минус 3%) кіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты көрсеткіші ең төмен өңір – Ақтөбе облысы: 47 жағдай – бір жыл бұрынғыдан 42% төмен.

Барлық құқыұ бұзушылықтың 35,8% пара беруге тиесілі – 564 жағдай, өткен жылғыдан 12% аз. Ең «танымал» қылмыстардың үштігіне пара алу (433 жағдай) және сыбайлас жемқорлық алаяқтығы (161 жағдай) кірген.

Жыл басынан бері ҚР-да қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған 921 адам анықталды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 11,3% төмен.

Оның ішінде 352 адам пара беру, 231 адам пара алу, 114 адам сыбайлас жемқорлық алаяқтығы, 84 адам лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, 73 адам өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жарату ісі бойынша ұсталды.

Алқабилер сотына барлығы 921 адамнан 811 адам жіберілді. Олардың көпшілігі – Ішкі істер органдарының қызметкерлері (159 адам), әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (143 адам), Қаржы министрлігінің қызметкерлері (34 адам), Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері (20 адам), Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері (15 адам).

Адам өзі пара беруге мәжбүр болатын жағдайлар елімізде әдейі жасалуда, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі. 2015 жылы «пара беру» бабы бойынша фактілер барлық қылмыстың 10% құраса, осы жылы бұл көрсеткіш үштен бір бөлігіне жетіп отыр.

Адамдар шенеуніктерді параға сатып алуға саналы түрде барады, өйткені ҚР-да бюрократиялық кедергілер әдейі қолдан жасалады.


Жоғары қарай