Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Жемқорлықпен күрес агенттігінің облыстардағы департамент басшылары тағайындалды

2019 жылдың 25 шілде 2019 18:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлер бойынша департамент басшылары тағайындалды. Бұл туралы аталған агенттіктегі брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен, Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына B-PKО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбындағы Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев, Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына B-PKО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбындағы Мирлан Бегежанұлы Мұхамбетов, Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына B-PKО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбындағы Данияр Мұханұлы Тұрғанбаев тағайындалды.

Бұдан бөлек, агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына B-PKО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбындағы Нығмеджан Мұхамеджанұлы Сапаров, Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына B-PKО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбындағы Ерлан Нағашбайұлы Жалмағамбет, Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына B-PKО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбындағы Әділхан Хасымханұлы Аширбаев, Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына B-PKО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбындағы Рустам Сапарбекұлы Ақмырзаев, Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына B-PKО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбындағы Денис Владимирович Шакенов, Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына B-PKО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбындағы Қуаныш Базарұлы Бекбасов, Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына B-PKО-1 санаты бойынша 1-санатты біліктілік сыныбындағы Ардақ Жайдақұлы Ерсейтов бекітілді.

Мұнымен қоса, Маңғыстау облысы бойынша департаментіне Болат Нұрғазыұлы Жылқыбаев, Павлодар облысы бойынша департаментке Айдар Нұрманұлы Тастеміров, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментке Ернар Ерболұлы Баянғазин, Түркістан облысы бойынша департаментке Хаким Дүйсешұлы Көшқалиев, Шымкент қаласы бойынша департаментке Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали тағайындалды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы болып Нұрлан Сұлтанұлы Қыдырбаев тағайындалды.

Алматы қаласы бойынша департаментінің басшылығына Қайрат Имәтұлы Сөнтаев келді.


Жоғары қарай