Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеңілдетілген шағын несие деп елді алдаған алаяқ ұсталды

2020 жылдың 3 маусым 2020 03:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда онлайн микронесие алып беремін деп клиенттердің картасындағы ақшаны жымқырған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 жастағы жігіт жарнама сайтында қаржылық қызметтерге, атап айтқанда жеңілдетілген шарттармен микронесие беру туралы хабарландыру жариялады.

Жұртшылықты төмен пайыз бен жеңіл шарттары қызықтырған.

«Тек 2015 жылдан бері ол төрт рет алаяқтық әрекеті үшін және бір рет қарақшылық үшін жауапқа тартылды. Адамдар оның жарнамасына сеніп, онымен хабарласқаннан кейін ол келісімшарт жасағаны үшін төлем ретінде жалпы соманың 10 пайызын талап етті. Бұдан әрі, микронесие бойынша ақша аудару үшін «клиент» жеке мәліметтерін: жеке куәлігін және банктік картаның фотосын екі жағынан ұсынуы керек болған. Банк карточкаларының нөмірін және картаның артқы жағында көрсетілген CVV кодын біле отырып, «қарыз алушы» букмекерлік кеңселердің интернет-терминалдары арқылы ақша аударады. Ол ешкімге қаржылық қызмет көрсетпейтіні анық. Қазір оған қатысты алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қаншалықты ашық болса да адамдар киберқылмыскерлердің құрбаны болмас үшін жеке деректерді, сондай-ақ банктік карта деректерін үшінші адамға бермеу керектігін ұмытпауы керек», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.


Жоғары қарай