Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жеңілдікті қаржыландыру моноқалаларда тұрақты еңбек нарығын құруға серпін береді - Қайсар Нығметов

2021 жылдың 15 қараша 2021 18:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңілдікті қаржыландыру моноқалаларда қызмет көрсету саласын дамытуға әрі тұрақты еңбек нарығын құруға серпін береді. Бұл туралы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында моноқалалардағы шағын және орта бизнесті 5%-дық жеңілдікпен қаржыландырудың жеке бағытын қарастыруды тапсырды. Моноқалалар үшін жеңілдікті микрокредит беру үшін саланы кеңейту неге соншалықты маңызды? Моноқалаларда қала құраушы кәсіпорындардың айналасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты желісі пайда болуы тиіс. Бұл моноқалалардың экономикасын біртіндеп әртараптандыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қала құраушы кәсіпорындар өз рөлін жоғалтатын, инвестиция мен өнеркәсіптік өндіріс көлемі төмендейтін даму әлеуеті төмен моноқалалар үшін ерекше маңызға ие», - деді Қ. Нығметов «ҚазАқпаратқа» берген сұхбатында

Оның айтуынша, моноқалаларда жеңілдікті қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту қызмет көрсету саласын дамытуға және неғұрлым тұрақты еңбек нарығын құруға серпін береді. Өңірлік нарық ауқымында және елде жаңа нарықтардың ашылуына, сондай-ақ моноқалалардың ірі қалалар мен облыс орталықтары сынды «өсу нүктелерімен» көлік байланысын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өткізген болатын.



Жоғары қарай