Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысындағы барлық қоғамдық көлікті жаңартуды тапсырды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 22:45

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек автопарктер басшылығына алдағы екі жылда барлық автобустарды жаңартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және қалалық автопарктер басшылығымен өткен кеңесте аймақ басшысы Қарағанды мен облыстың басқа да ірі қалаларындағы барлық қоғамдық көліктерді ауыстыру қажеттігін еске салды.

«Қазір автопарктер үшін несиелендірудің өте тиімді шарттары бар. Осы механизмдерді пайдаланыңыздар. Сіздер жылжымалы құрамды жаңарту бойынша міндеттеме алатын болсаңыздар, біз өз тарапымыздан субсидиялауды ұлғайтуға дайынбыз. Егер олай болмаса, біз субсидиялауды тоқтатамыз. Бұл – қатаң шешім. Біз осындай түбегейлі шараларға барғымыз келмейді және муниципалдық автопарк құруды көздеп отырған жоқпыз. Алайда, автобустардың тозуына байланысты жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төнетін болса, ондай қадамға баруымызға тура келеді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығындағы ең ірі №3 автопарк 75 жаңа автобус сатып алған болатын. Олардың бір бөлігі жолға шықты. №5 автопаркте әзірге тек екі жаңа көлік сатып алынған. Қарағандыда барлығы 553 автобусты жаңарту қажет.

Жоғары қарай