Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеңіс күніне арнап елорда актерлері онлайн-концерт берді

2020 жылдың 9 мамыр 2020 18:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Жеңістің 75 жылдығына орай мерекелік концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Театрдың баспасөз қызметінен хабарлағандай, бағдарламаға соғыс жылдарындағы өлеңдер мен әндер, әр түрлі композиция мен қойылымдар енген. Қойылымның режиссерлері - Бекболат Парманов пен Людмила Крючкова.

«Соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау үшін «Біз бұл күнді барынша жақындаттық» музыкалық-поэтикалық композициясы қойылды. Бүгінгі таңда Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем өмір сүріп жатқан жағдайларды ескере отырып, көпшіліктің жиналуына тыйым салу талаптарын сақтап, концерт көрерменнің қатысуынсыз өтті. Өнерсүйер қауым театрдың YouTube каналындағы онлайн-трансляция арқылы әртістердің концерттік қойылымдарын тамашалады. Актерлер карантин мен төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап алғашқы қойылымды Жеңіс күніне арнап отыр. Себебі соғыс жылдарында да осынау ең көне театрлардың бірі (құрылған жылы - 1899) белсенділік танытқан еді», - делінген хабарламада.

Сол кездегі ең танымал спектакльдердің қатарында К.Симоновтың «Мені күт», М.Горькийдің «Соңғылар», Лоудың «Терең тамырлар», Корнейчуктың «Платон Кречет», Ф. Шиллердің «Айла мен махаббат» спектаклі бар еді. 1942-1943 жылдары эвакуацияланған Ворошиловград театры Ақмолада жұмыс істеді. Сол кезде кейбір актер қалада қалып қойған. Театр труппасына әртістер, бұрынғы АЛЖИР тұтқындалушылары қосылды. 1943 жылы облыстық орыс драма театрының қазақ бөлімі өз жұмысын бастады. Жаңадан ашылған бөлімде кастингтің жартысы кәсіби сахнаға әуесқой топтардан келген жас актерлер еді. Алғашқы қойылым - Ғ.Мұстафиннің пьесасы бойынша жазылған «Жарыс». Осы уақыт аралығында театр Ақмола - Қарталы желісі бойымен жүріп, гастрольдік сапарларды белсенді жүргізеді. Концерттер пойыз бекеттерінде және пойызға шақырылушылар мен тамақпен жөнелтілетін пойыздарда да қойылған.

Онлайн-концертті қою үшін театр труппасы үлкен дайындық жүргізіп, әлеуметтік желіде де насихат, жарнама жұмыстарын лайықты деңгейде іске асырған.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Жеңіс күні,
Жоғары қарай