Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жеңіс күніне орай астаналық соғыс ардагерлеріне 805 мың теңгеден беріледі

2021 жылдың 31 наурыз 2021 14:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Жеңіс күніне орай Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлеріне 805 000 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының кезекті мәслихат сессиясында Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 805 000 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда. Әлеуметтік көмек көрсету қағидалары негізінде ұсталатын 195 439 теңгені ескере отырып 26 адамға 1 000 439 теңге төленеді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес Чернобыль атом электростансасындағы апаттың зардабын жоюға қатысқан адамдарға 26 253 теңге төленетінін айтты.

«Биыл Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың құрбандарын еске алу күніне 35 жыл толады. Осыған байланысты 75 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету ұсынылады», - дейді ол.

Мәслихат сессиясына қатысқан депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.


Жоғары қарай