Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«ЖЭО-2» газға ауысса, Алматының ауасы 80 пайыз тазарады

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 10:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алматы Жылуэлектр орталығының» табиғи газға өтуі ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшерін 80 пайызға азайтады. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Энерго» АҚ хабарлауынша, оңтүстік астанадағы жылу мен электр энергиясының негізгі көзі - Алматы ЖЭО-2 толығымен газға көшеді.

Қазіргі таңда «АлЭС» АҚ тапсырысымен «ҚазЭнергоөнеркәсіптік» жобалау институтының мамандары ЖЭО– 2 модернизациялаудың жобасын әзірлеуде.

Кәсіпорынды газға ауыстыру ауаға бөлінген зиянды заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтады. ЖЭО-2 шығатын шығарындылардың жылдық мөлшері 80% -ға төмендейді. Осылайша Алматының ауасы тазарады.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ жобаны қаржыландырудың қолайлы көздері мен әдістерін тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Экология, Алматы,
Жоғары қарай