Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жер учаскесіне қатысты 3 жаңа қызметті онлайн алуға болады

2020 жылдың 30 сәуір 2020 11:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау, жай-күйі туралы мәлімет алу және жобаланатын жер учаскесінің жоспарын келісуді eGov.kz порталында үйден шықпай-ақ алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш қызметтерді алу үшін пайдаланушы порталға кіріп, «Жылжымайтын мүлік» салымында үш қызметтің бірін таңдау қажет. Содан соң порталда көрсетілген қадамдық процеске сәйкес өтінімді авторландыруу және толтыру қажет.

Айта кету керек, кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және сапалық жағдайы туралы мәліметтерді учаскеңізге немесе Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі порталындағы электрондық жоспарда көрсетілген аумаққа да алуға болады.

«Біз негізгі мәліметтерді барынша қамтуға және өтінім беру процесін жеңілдетуге тырыстық. Пайдаланушы тек тізімнен бір тармақты таңдап, төлем жасап, қажетті құжаттарды салып, ЭЦҚ-мен қол қою қажет» - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Көрсетілетін қызметті алу барысында өтініш берушінің қолданыстағы құқықтары тіркелген жер кадастрының ақпараттық жүйесі порталында электронды жоспарда көрсетілген барлық жер учаскесі мен аумақ туралы ақпарат автоматты түрде тартылады. Тізімнен учаскенің бірін таңдау қажет.

Сұрау салу порталға тікелей түседі. Сұрауға берілген жауаппен пайдаланушының жеке кабинетінде танысуға болады. Нысаналы мақсатына, учаскенің ауданына және жұмыс көлеміне байланысты төлем сомасы анықталады, оны электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы жүргізуге болады.

Жаңа қызметтер: Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау. Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді ұсыну, Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректері бойынша жобаланатын жер учаскесін келісу.


Жоғары қарай