Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жерде жылына 10 млн гектар орман жойылады – БҰҰ адамзатқа үндеу жасады

2021 жылдың 23 мамыр 2021 11:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық биоәртүрлілік күніне орай адамзатты табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

«Біз іс жүзінде табиғатқа соғыс жарияладық. Флора мен фаунаның миллиондаған түрі жойылу қаупінде тұр, біздің көз алдымызда бүкіл экожүйелер жойылып, сулы-батпақты жерлер құрғап, керісінше, шөлдер пайда болуда. Жыл сайын жер бетінде 10 миллион гектар орман жойылады. Мұхиттар пластиктен тұншығып, қышқылданады, өйткені олар адамдар шығаратын көмірқышқыл газын көбірек сіңіруге мәжбүр. Сондай-ақ, біз табиғатты жойып жатқан салаларды субсидиялауға қарағанда оны қорғауға аз ақша жұмсаймыз, – деді. Антониу Гутерриш.

«Біз өзіміз халықаралық деңгейге қойған биоәртүрлілікті сақтау саласындағы бірде-бір міндетті» , - дейді Бас хатшы.

Ол сонымен қатар табиғат адамға қажетті ресурстар беріп қана қоймай, көптеген мәселелерді мысалы, климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешуге көмектесетінін еске салды.

«Біз табиғатты қорғауымыз керек, экожүйені қалпына келтіріп, планетамен қарым-қатынаста үйлесімділікке ұмтылуымыз қажет. Биоәртүрліліктің жоғалуын қалпына келтіру арқылы біз адамдардың денсаулығын жақсарта аламыз, тұрақты дамуға қол жеткіземіз және климаттық дағдарыстан шығамыз», - деді Антонио Гутерриш.

Бас хатшы табыстың кепілі – экологиялық өмір салты деп санайды.

«Егер біз планетамен бейбітшілік орнатпасақ, онда біз «ұтыламыз», – деп сөзін түйіндеді Бас хатшы.


Басты сөздер: Экология, Әлем, БҰҰ,
Жоғары қарай