Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жерге орналастыру қызметі цифрландырылуы және ашық өтуі тиіс – Әбілқайыр Сқақов

2020 жылдың 6 мамыр 2020 11:39

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі аймақтың жер қатынасы саласын барынша цифрландыруды және жер алқаптарын беру үрдісін ашық етуді тапсырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық әкімдіктегі кезекті аппараттық жиын барысында жер ресурстарын қолдану тиімділігіне қатысты мәселелер қарастырылды.

Аймақ басшысы Павлодар облысының жерге орналастыру қызметі әлі күнге дейін қағаз бойынша жүргізілетініне назар аударды. Бұдан бөлек, Әбілқайыр Сқақов жер аукциондарын өткізу тәртібін қайта қарауды тапсырды. Мұндай сауда-саттық туралы ақпарат 15 күн бұрын қала және аудан әкімдіктерінде және жергілікті баспасөз басылымдарында жарияланады. - Сауда-саттықтың осындай түріне әлеуетті сатып-алушылар қатыспайды, себебі тиісті хабарландыру жоқ, - деді облыс әкімі. – Соның нәтижесінде аукционға он қатысушының орнына тек екеуі ғана шығады. Неліктен жер аумағын сату бойынша сауда-саттық кестесін бір жыл бұрын жарияламасқа? Бұл ақпаратты неге жасырасыздар? Халық қандай жер учаскелері сатылатынын білсін. Сонда олар бар құжаттарды дайындап үлгереді, қаржыландыру мәселелерін шеше алады. Егер бәсекелестік болса, жер ресурстары да біршама көтеріледі. Алдағы болатын сауда-саттық бір ай бұрын барлық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялануы тиіс. Бұл үрдістің ашық өтуі маңызды. Цифрландырудан бөлек, әкім жер саласында заманауи технологияларды, оның ішінде ғарыштан сурет түсіруді қолдануға көңіл бөлді. Бұл құралдар жер ресурстарының тиімділігін арттырып, жер қолданушыларымен пайда болатын жүйелік кемшіліктерден аулақ болуға көмектеседі. Сонымен қатар Әбілқайыр Сқақов ауылдық жерлердегі жұмысын тоқтатқан әлеуметтік нысандарды таратуға тыйым салды. Кейбір жағдайда жеке кәсіпкер кеңес жылдары салынған, бос тұрған мектеп және мәдениет үйін аз ақшаға сатып ала алады.

- 200-300 мың теңге бюджеттің кіріс бөлігіне еш пайда әкелмейді, - деді Әбілқайыр Сқақов қала және аудан әкімдеріне. – Мұндай әрекеттеріңізбен сіздер тек жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырасыздар. Оның орнына бұл нысандарды қалпына келтіріп, жаңа жұмыс орындарын ашатын инвесторларды іздеңіздер.


Жоғары қарай