Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Жерорта теңізі Еуропадағы ең ластанған теңіз деп танылды

2019 жылдың 31 шілде 2019 23:39

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Жерорта теңізі - Еуропадағы ең ластанған теңіз. Ондағы қоқыс қабатының тығыздығы соңғы 30 жылда екі есе өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат EurActiv журналына сілтеме жасап.

Бұл өзгеріс пластмасса өндірісінің өсуіне байланысты, сондай-ақ 2008 жылы ЕО-ның теңіз табиғатын қорғау саясаты қолға алынып, жаңа заңнама қабылдаған соң теңіз қоқыстарының жүйелі түрде анықталуына қатысты.

Ластану деңгейінің өсуі таң қалдырмауы тиіс. Бұған дейін Nature Communication журналында жарияланған зерттеуде 1957 мен 2016 жылдар аралығында «әлемдік теңіздердегі пластмассалардың уақыттық үрдістері мен таралуы» талданған болатын. Сол зерттеудің өзінде-ақ 1990 жылдары теңізде пластик қалдықтарының көп көлемде жиналып қалғаны айтылған.

Жерорта теңізінің түбінде қабат құрайтын қалдықтардың 60% cөмкелерден, бөтелкелерден, құтылар мен қаптауыштардан, балық аулайтын ау мен киім-кешектен тұрады.

Қалдықтардың таралу көздері көп, оларға коммерциялық немесе туристік кайықпен жүзу, балық аулау, балық өсіру ісі, қоқыстар, өнеркәсіптік немесе қалалық аудандар жатады.

Жыл сайын теңізге 8 млн тонна пластмасс тасталады, олардың 200 мың тоннасы Жерорта теңізіне келеді. Адамзаттың бұл әрекеті теңіз флорасы мен фаунасына кері әсерін тигізеді.

Тимур Дүйсекеев


Басты сөздер: Экология, Еуропа,
Жоғары қарай