Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жетісай ауданында COVID-19-ға шалдыққан әйел дені сау бала дүниеге әкелді

2020 жылдың 15 тамыз 2020 15:33

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Жетісай ауданында COVID-19-ға шалдыққан әйел дені сау бала дүниеге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданының тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған. Ол көрші аудан Жетісай аудандық орталық ауруханасына жүктілігіне қарай жағдайы күрт нашарлап жеткізілген. Дәрігерлер ана мен бала өміріне де қауіп төнгенін айтады. Дер кезінде жасалған шұғыл медициналық көмектің арқасында жүкті әйел салмағы 3,2 келі дені сау ұл баланы дүниеге әкелді.

«Келіншектің бұл тұңғыш сәбиі. Келіншектің жағдайы ауырлығына қарай әрекет жасап, аман-есен босандырып алдық. Қазірде сәбидің де, анасының да жағдайы қанағаттанарлық», - дейді Жетісай аудандық ауруханасы перзентхана бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Әміреева.

Әлемдік деңгейде қауіп төндіріп, адамзат баласының алдын ораған ауруға байланысты жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік режимге қарамастан дәрігерлердің кәсібилігінің нәтижесінде жыл басынан бері Жетісай аудандық перзентханасында 2 800 сәби дүниеге келген. Олардың 50-і егіз болса, 400-ге жуығы ота арқылы босандырылған.



Жоғары қарай