Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Жетісай ауданында тұратын мұқтаж отбасы жылыжаймен айналысатын болды

2020 жылдың 15 ақпан 2020 20:11

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай ауданында тұратын мұқтаж отбасы жылыжай ісімен айналысатын болды. Самира Фарзалиева бұған дейін облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің қабылдауында болып, жергілікті билік тарапынан әлеуметтік көмек беруін өтінген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл тұрғыны сондай-ақ билік өкілінен мүгедектігін ІІІ топтан ІІ топқа өткізуге қолұшын созып, көмектесуін сұраған. Аталмыш азаматшаның өтінішіне орай жай-күйімен танысу мақсатында аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев Абай ауылдық округінің «Халықтар достығы» елді мекенінде болды. Жарымжан жанның отбасымен танысты. Ұлының тұрақты жұмысы жоқтығын және келіні бала тәрбиесімен үйде отырғанын көрді. Мүмкіндігі шектеулі ана аудан басшысынан әлеуметтік көмек пен ұлының кәсіп ашуына, қыс ауасында отын-көмірден көмек көрсетуін өтінді. Оған аудан басшысы ұлының қысқа мерзімді оқыту курсына қатысып, кәсіпкерлік саласының қыр-сырын оқып-білуіне көмектесетінін жеткізді.




«Ұлыңыздың бизнес-жоспарын жасап, 530 мың теңге мемлекеттік қайтарымсыз грант алуына және сіздің мүгедектігіңіз туралы құжаттарды қайта қарауға көмектесеміз. Тиісті қаражатты алған соң, үйіргелік жерлеріңізді тиімді пайдаланып, жылыжай салыңыздар. Жүзім өсіріңіздер. Ал, отын-көмірлеріңізді мүмкіндігінше түсіріп береміз»,- деді Жамантай Бейсенбаев.

Аудан әкімі мүгедек әйел тұратын Абай ауылдық округінің әкімі Қанат Тілеуовке тиісті мәселелер бойынша нақты жұмыстар атқаруды тапсырды. Базынасын айтып, көмек сұраған Самираның ұлына 530 мың теңге қайтарымыз мемлекеттік грант алудың жолдары мен талап-ережелер түсіндірілді. Алдағы уақытта үйіргелік 5 сотық жеріне жылыжай салып, тұрмысын түзетуіне тиісті көмек көрсетілетін болды.











Жоғары қарай