Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жетісай полицейлері мас күйінде көлік жүргізген әйелді ұстады

2020 жылдың 20 қазан 2020 14:30

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жолда күдік тудырған «ДЭУ» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер әйел жүргізушінің автокөліктің мас күйінде көлік жүргізгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық қорытындыға сәйкес, әйел орташа дәрежедегі мас күйінде болған.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтар айында сот шешімімен Жетісай ауданының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылған. Алайда, жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, жол ережесін қайталап бұзып, мас күйінде көлік жүргізген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарынжүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын

басқаруға жіберілуі» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай