Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жетісайда 90-ға жуық мұқтаж отбасы баспаналы болды

2021 жылдың 8 маусым 2021 21:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Жетісай қаласында үй кезегінде тұрған 88 мұқтаж отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Пәтер кілттері табысталған көпқабатты үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек көпбалалы аналарға салтанатты түрде пәтер кілтін ұсынды.

«Шынымды айтсам күні кешеге дейін бізге пәтер сыйлайтынын білмедік. Бұл жаңалық біздің отбасы үшін үлкен тосын сый болды. Бұған дейін біз аядай жерді жалдап күнелтіп келдік. Енді міне, өз пәтерімізге де қол жеткіздік. Атсалысқан барша жандарға алғыс айтамын»,- деді көпбалалы ана Зухра Сахиева.

«Үйсіз азаматтардың қатарын азайту - біздің басты мақсатымыз» - деген аудан басшысы Мұрат Болатұлы баспана салу ісі алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты. Яғни, тұрғын үй кезегінде тұрған әрбір азаматты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жұмыстар атқарыла бермек.




















Жоғары қарай