Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жетісайда адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 12:52

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Қайғылы оқиға түнгі уақытта «Жетісай-Мақталы» тас жолының бойында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жетісай – Мақталы» бағытындағы жолдың 27/42 шақырымында жолды кесіп өтпек болған ер адамды белгісіз көлік соғып кеткен. Көлік тізгіндеуші оқиға болған жерден бой тасалаған. Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Ол Шардара ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Аталған жайт Жетісай АПБ СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша тіркелген. Белгісіз мәйітке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тәртіп сақшылары жол апатын жасаған жүргізушіні ұстау шараларын жүргізді. Оқиға орнын қарау нәтижесінде адам қаққан көліктің сұр түсті «Нексия» екені анықталды. Жүйелі жұмыстардың арқасында кінәлі жүргізушінің тұрғылықты мекенжайы бір тәулікке жетпей анықталып, қолға түсті.

«Оның құжаттарын тексеру кезінде, жүргізуші куәлігінің мерзімі өткені және көлік ұлының атында тіркелгендігі анықталды. Көлік айыптұрағына қойылып, жүргізуші қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.


Жоғары қарай