Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жетісайдағы коронавирус жұқтырған науқас 23 наурызда Нұр-Сұлтаннан келген

2020 жылдың 31 наурыз 2020 22:44

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында індет жұқтырған науқас Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақашасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәкен Қалқамановтың хабарлауынша, шалғай ауданның тұрғыны өңірге Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен келген.

«Коронавирус жұқтырған азамат 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Ауруханаға 30 наурыз күні қаралған. Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен Қарағанды қаласына тоқтаған. Алты сағат вокзалда отырған ол ары қарай Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызға 22 наурыз күні сағат 6:00-де отырған. 23 наурыз күні Шымкент қаласынан түскен. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Әзірге анықталғаны - науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам - Жетісай қаласының тұрғындары» делінген парақшада.

Айта кетейік, Түркістан облысында бүгін коронавирус жұқтырған науқас анықталғаны хабарланған болатын.


Жоғары қарай