Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жетісайдың қарбызы Ресейге жөнелтіліп жатыр

2021 жылдың 28 мамыр 2021 19:55

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінде орналасқан Қоғалы ауылының диқаны Леонид Шин өз иелігіндегі 2 гектар жерден 25 тонна өнім алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пленка астындағы ерте пісетін қарбыз еккен ол жиын-терім жасап, өнімді Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр.

«Наурыз айының басында 55 күнде пісетін «Виктория» атты қарбыз сортын екі қабат пленка астына ектім. Ауа райы қолайсыз болған кезде өнім далада қалмаса екен деп аздап уайымдадым. Сәтін салып, бәрі ойдағыдай болды. Сатылым бағасы да көңілімнен шықты»,- дейді шаруа.

Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егу жоспарланған.

Соның 22 мың гектарына бақша дақылдары егілген.

Оның ішінде, 14 378 гектарына пленка астынадағы қауын, ал, 4 900 гектарға қарбыз егілген.

Аудан бойынша қазіргі таңда 50 гектар аумақта қарбыз бен 15 гектар егістікте қауын пісуге жақын.











Жоғары қарай